🔹Мәртөк ауылдық округінің әкімі сайланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі №4 шешіміне сәйкес Мәртөк ауылдық округінің әкімі болып Аслан Мұсабайұлы Айтмағамбетов сайланды.

Айтмағамбетов Аслан Мұсабайұлы 1990 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Веренка ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.
2009-2012 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында «Қаржы» мамандығы бойынша білім алды;
2014-2016 жылдары Қазақ-Орыс халықаралық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолы:
2008 жылы Ақтөбе қаласында есепші қызметінен бастады, 2014 жылы Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маманы лауазымына тағайындалды. 1 жылдай уақыт Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды. 2019-2021 жылдары Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметін атқарса, 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 4 жыл Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Мәртөк ауылдық округінің 7894 сайлаушысының 4960-ы (62,8 %) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/976245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version