«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер аясында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері ағымдағы аптада Қостанайдағы Челябі мемлекеттік университетінің филиалында өткен ХІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференция ғылым, білім, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, білім инновацияларын жаңғырту, цифрландыру және адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында ғылым мен білім беру ортасында этикалық стандарттарды нығайту, ашықтық пен жариялылықты арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында: «Біз бизнес, мемлекет және білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайтуымыз қажет. Бұл – жастардың әлеуетін жүзеге асыруына лайықты мүмкіндік беру арқылы тұрақты өсу мен инновациялық дамудың алғышарттарын қалыптастыру жолы» деп атап өткен болатын.
Осындай форумдарға қатысу – тұрақты серіктестік орнатып, озық тәжірибелерді таратуға және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay/press/news/details/978552?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау