Әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жұмыстар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Байғозиев Бақытжан қала прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, оның ішінде ақпараттық науқандар, ата-аналармен және педагогтармен түрлі шараларды белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын баяндады.
       Жасөспірімдердің күйзеліске ұшырауын анықтау және оның алдын алу мақсатында психологиялық қызметтермен және білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жүргізілуде.
       Сондай-ақ, есептік кезең ішінде 48 инвестордың құқығы қорғалып, 8 іс шешімін тапты, 17 инвесторға жер телімдері берілді.
       Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың 270 млн теңгеге жуық деректері анықталып, жолы кесілді.
       Қала прокуроры жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмысты ұйымдастыру форматын қайта қарап, накты нәтижеге бағытталуды тапсырды.
        Атап айтқанда:
       – балалар арасында профилактикалық жұмысты жандандырып, оның нәтижелерін Үйлестіру кеңесінде қарау;
       – психологиялық қолдау орталығының мүмкіндіктерін барынша пайдалану;
       – құқық қорғау органдары ардагерлерінің қатысуымен білім беру мекемелерінде ауқымды құқықтық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

  

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/978587?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version