Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Ұлытауда агрөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдерді жою мәселесі талқыланды.
   Жиналысқа Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Саухимов, сондай-ақ, Департамент пен Ауыл шаруашылығы басқармасының өзге де өкілдері, қала және аудандардың салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары қатысты.
   Жиында агроөнеркәсіп субъектілерін субсидиялау кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған ұсынымдарды орындау мәселесі қаралды.
   Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау — ауыл шаруашылығының дамуын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және фермерлердің қаржылық тұрақтылығын арттыратын маңызды мемлекеттік қолдау құралы.
   Мемлекет басшысы атап өткен «Заң мен Тәртіп» қағидатын бұл салада нығайту аясында, жемқорлық тәуекелдерін жою мәселесі Департамент бақылауында.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/976610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version