Алматы облысында жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында Атамекен ҚР ҰКП Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, ТЖД, санитарлықэпидемиологиялық қызмет,білім басқармасы қызметкерлерінің және балалар лагерлері басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мәтін Демалыс басталысымен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бірінші орынға шығады. Дөңгелек үстелге қатысушылар өртке қарсы қауіпсіздік, балалардың отпен еркелігін болдырмау, объектілердің балаларды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін қоса алғанда, балалардың жазда қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін талқылады. Персоналға арналған нұсқаулықтарды, оқу эвакуацияларын өткізуге және ТЖ туындаған жағдайда барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. ТЖД қызметкерлері лагерьлердің уақтылы тексерулерден өтуінің, қажетті жабдықтар мен алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дөңгелек үстел жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша бірлескен ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеумен аяқталды.

Алматы облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/977963?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version