Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлнұр Сәдуақасова ZOOM режимінде Ақмола облыстық мәслихатының мәдениет объектілерін салу, жөндеу және мемлекеттік мәдени саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.
Отырыс барысында өңірдегі мәдениет объектілерін салу мен күрделі жөндеуге, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру барысына қатысты түйінді мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасын орындаудың тәжірибелік аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді күшейтуге және өңірдегі мәдени жобаларды іске асыру сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/979057?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау