«Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағановтың төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инвестициялар жөніндегі директоры Ф. Қасымовпен кездесу өтті.

АХҚО жетекші қаржы институты әрі Орталық Азия және Закавказье аймағындағы жалпы (ағылшын) құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген жалғыз юрисдикция болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасына инвестиция тартуға және заманауи қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде АХҚО елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға белсенді қатысуда. Орталық Шығыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымға, құрылысқа, тау-кен өнеркәсібіне, өндірістік және әлеуметтік жобаларға инвестиция ағынын жеңілдету үшін өзінің тәжірибесін, сондай-ақ инвестициялық серіктестердің кең халықаралық желісін пайдалануға ниетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделік танытты. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/976415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version