Ауданымызда “Мерген ару” әскери-патриоттық сайысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде “Мерген ару” атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып, батыр қыздың ерлігін ұлықтау және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Сайысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден келген қыздар қатысты. Байқау барысында қатысушылар пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтықтағы нысанаға оқ атып, мергендік шеберліктерін сынады. Әр қатысушыға 10 оқ беріліп, дәлдік пен жинаған ұпай санына қарай бағаланды.

Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қыздар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, мергендік қабілеттерін, батылдықтары мен жинақылықтарын көрсете білді. Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар ақшалай сертификаттармен, медальдармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Осындай шаралар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани тәрбие сіңіріп, батырлар ерлігін ұмытпауға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үлкен үлес қосады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/977979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version