Балалар қауіпсіздігі — біздің қолымызда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сарыарқа» ауданында балалардың жарақат алу деңгейін төмендету және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыс жалғасуда.

 

Аудандық прокуратураның бастамасымен, сондай-ақ, аудандық ТЖ басқармасы, Полиция басқармасы және еріктілердің қатысуымен тұрғын үйлерді аралау ұйымдастырылып, ата-аналар мен балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Профилактика аясында балалардың терезеден құлау қаупіне және сақтық шараларына ерекше көңіл бөлінді: терезе алдына шығуға және маса торларын тірек ретінде пайдалануға тыйым салу бойынша түсіндіру әңгімелері мен нұсқаулықтар өткізілді, жазатайым оқиғалар мен олардың алдын алу жолдары көрсетілген жадынамалар таратылды, сондай-ақ терезеге қорғаныш құлыптар мен шектеуіштер орнату жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/977917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version