Басқарма басшысы Провославиелік шіркеудің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 16 сәуір күні Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы Жүсіпжан Ақзам Ақтөбе және Қазақстан метрополиттік округінің Қызылорда епархиясының Епископы Игнатиймен кездесті. Кездесу барысында басқарма басшысы епархияның қызметімен танысып, Алматылық Әулие Николай кафедралды соборының ішкі көрінісін тамашалады. Ол Православ шіркеуінің жасампаз және жемісті жұмысына, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын дамыту мен қолдауға қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Епископ Игнатий қонақты Православ шіркеуінің қызметімен таныстыру аясында Қазақстан, оның ішінде Ақтөбе облысы аумағында православ сенімінің таралуына қатысты бірқатар тарихи деректерді баяндады. Сондай-ақ, алдағы Пасха мерекесін атап өтуге байланысты жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар алмасты. Пасха мерекесінің адамдарды біріктіріп, игі істер мен ізгі ниеттерге жетелейтін ерекше күн екенін атаған басқарма басшысы Ж.Ақзам христиан қауымының басты мерекесі қарсаңында православты діндарларға зор денсаулық пен рухани жігер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/978520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version