Қарағайлы ауылдық кітапханасында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың сәлемдесу үлгілері, салт-дәстүрлері мен мәдениетімен танысты. Көріністер, өлеңдер, патриоттық әндер мен ұлттық билер көрерменге ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, оқушылар арасында викторина, «Бірлік» сөзін құрастыру және ұлттық тағамдар мен киімдерді тану сияқты қызықты ойындар өткізілді. Шара оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттырып, бейбітшілік пен татулықтың маңызын терең түсінуге ықпал етті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/976799?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау