Цифрландыру барлық салаларды қамтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Саят Сыздықов Ақмола облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасына барды.

Саят Төлегенұлы облыстағы цифрландырудың қызметі мен жобаларымен және одан әрі даму перспективаларымен танысты. Ведомство басшысы Мағжан Ержан облыстағы цифрлық трансформация мемлекеттік қызметтерді неғұрлым ыңғайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталғанын атап өтті. Бүгінгі таңда цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды.

Сапар барысында Aqmola Hub-IT-стартаптар мен талантты мамандарды дамытудың инновациялық орталығы қызметімен танысты, ол жақында ғана жаңа кең ғимаратқа көшті. Мұнда жергілікті іt-мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға және инновациялық жобаларды дамытуды ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шаралар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/976900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version