Депутаттар агрокеңес жұмысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихат депутаттары «Көкшетау» МҮ-де өткен  «2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық туралы» облыстық агрокеңеске қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, Ақмола облысы аграрлық өңір болып табылады. Қазір егіс науқанына белсенді дайындық жүріп жатыр. Бүгін аграршылардың маңызды іс-шарасына өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 600-ден астам өкілі, ғылыми институттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығындағы тиімділік пен өнімділікті арттыру үшін барлық қолжетімді құралдарды пайдалануға шақыра отырып, аграрлық саланы қолдау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, биыл техниканың жеңілдетілген лизингі желісі бойынша қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, ал форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 30 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланған. Тыңайтқыштарды енгізуге, тұқым сапасын қамтамасыз етуге және егіс алқаптарын әртараптандыруға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында ауыл шаруашылығы техникасының, тыңайтқыштардың және өсімдіктерді қорғаудың заманауи құралдарының жетекші отандық өндірушілерін біріктірген ірі ауыл шаруашылығы көрмесі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/978484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version