Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айтқалиева Нидерланд Корольдігінің Адам құқықтары жөніндегі Елшісі Уим Геертспен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жетістіктер, жүргізіліп жатқан реформалар және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, 2025 жылғы Әмбебап кезеңдік шолу аясында берілген елдік ұсынымдарды іске асыру барысы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша алдағы есепті қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ортақ ниеттерін білдіріп, құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында екі жақ бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version