КЕНТАУДА ШОҚТАС АУЫЛЫ, ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНА ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Шоқтас және Саяжай елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Саяжай тұрғындарына аймақтың мүлкін күтіп ұстауға мүмкіндіктері жеткіліксіз, одан қалды коммуналдық қарыз мөлшерлері ұлғайып кеткені айтылды. Осы тұрғыда қала әкімі су жүйесі мен басқа да Саяжай мүліктерін қаланың коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне өткізу арқылы шешімі табылатынын түсіндірді. Одан бөлек, Шоқтас ауылы Хантағы ауылы құрамына қосылып, бүгінгі таңда шекарасы белгіленгенін хабардар етті.

Одан бөлек, кездесуде бірқатар Мәселелер айтылып, сауалдар қойылды. Қала әкімі көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Атап айтқанда, ауыз су, жол секілді коммуналдық және интернет мәселелері аталды.

Алдағы уақытта ауыл құрамына енгізілген өзгерістер аясында абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізу жоспарға енгізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/976689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version