Көкентау ауылында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық акциясы жалғасуда. Аймақ тұрғындары апта сайынғы сенбілікке белсенді қатысып жатыр.
Округ бойынша 220-дан астам тұрғын, 5 мекеме белсене атсалысты. Тазалық жұмысына 3 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 84-тен астам аула, 2 саябақ, 1 арық тазартылды және 23 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, аймақта 5 сәуірден Президенттің “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-kokentau/press/news/details/975666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау