Көкшетауда ауыл шаруашылығы көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда отандық ауыл шаруашылығы техникасын, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын заманауи құралдарды өндіретін жетекші компанияларды біріктірген ірі ауыл шаруашылығы көрмесі өтті.

Іс-шара агроөнеркәсіп кешенінің кең ауқымды өнімдерін қамтыды: инновациялық дрондар мен жоғары өнімді егіс кешендерінен бастап, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен төзімділігін арттыруға бағытталған заманауи агрохимикаттар мен тыңайтқыштарға дейін таныстырылды. Көрмеге барлығы 30-ға жуық компания қатысты.

Көрмені Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов тамашалады. Іс-шара барысында олар ұсынылған жаңалықтармен танысып, агроөндірісті дамытуда озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай көрмелер өндірушілер мен диқандар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деп тілге тиек етті Марат Ахметжанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай және Қарағанды қалаларынан 40-қа жуық компания қатысқан. Сонымен қатар, Таяу және Қиыр шетелдерден әкелінген техника үлгілері де көрмеге қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/978102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version