Көксу бекетінде жаңа саябаққа алғашқы қадам: экологиялық іс-шара өткізілді 🌿

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12 сәуір күні Көксу бекетінде жалпы көлемі 1 гектарды құрайтын жаңа саябақ аумағында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және халыққа жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру мақсатында өткізілді.

🔒 Саябақтың шекарасы темір сыммен қоршалып, болашақ демалыс аумағы ретінде нақты белгіленді. Осы күні арша, тұт, шырша, қарағай және жөке ағаштарының көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандырудың алғашқы кезеңі басталды.

🌿 Шараға мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар белсенді атсалысты. Бұл бастама өңірдің абаттануына, экологиялық тәрбиені насихаттауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

🔹 Жасыл белдеу – келешекке аманат. Табиғатты аялау – әр азаматтың азаматтық борышы…

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/977411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version