МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінде мердігер ұйымдармен маңызды жиналыс өтті. Онда ауданда жүзеге асырылып жатқан құрылыс, жол жөндеу және инфрақұрылымдық жобалардың ағымдағы жағдайы жан-жақты талқыланды. Аудан әкімі мердігерлердің есептерін тыңдап, әрбір жоба бойынша туындаған қиындықтар мен жетістіктерді анықтады.

Жиналыс барысында жұмыстардың сапасы, мерзімінде орындалуы және қолданылатын материалдардың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Аудан әкімдігі мердігерлерге құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтауды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жергілікті ресурстарды барынша пайдалануды тапсырды. Мердігер ұйымдар өз тарапынан туындаған мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі барлық ұсыныстарды мұқият қарастырып, тиісті шешімдер қабылдауға бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/976004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version