2025 жылғы 15 сәуір күні Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен музыка пәнінің мұғалімдері арасында облыстық «Өнер әлемі» орындаушылық шеберлік байқауының қалалық кезеңі өтті. Арнайы музыкалық білімі жоқ, жалпы білім беретін мектептердің музыка пәнінің мұғалімдері мен оқушылары «солист» (жеке орындау), «аспаптық орындау» (домбыра), «балалар композиторы Л.Мельникованың шығармашылығын орындау» номинациялары бойынша 4 жас санатта
– бірінші санат: 1-4 сынып оқушылары;
– екінші санат: 5-8 сынып оқушылары;
– үшінші санат: 9-11 сынып оқушылары;
– төртінші санат: мұғалімдердің жасы -35 жасқа дейін; 35 жастан жоғары 10 білім беру мекемесінің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға қатысушылар «Қазақстан Республикасының әдіскер мұғалімі», «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ардагер мұғалім Мейрамғазы Берікбол Ботайұлы бастаған әділқазылар шешімімен жас ерекшеліктеріне сай төмендегідей орындарға ие болды.
«Солист» номинациясы бойынша
бірінші санат: 1-4 сынып оқушылары
БАС ЖҮЛДЕ – Жанат Ақпейіл, «әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ;
І орын – Аманжол Іңкәр, «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ;
І орын – Қуанышбек Аянат, «№5 ЖББМ» КММ;
ІІ орын – Новиков Денис, «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ;
ІІ орын – Қасымхан Зере, «Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын – Бейсенбай Айсұлтан, «әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ;
ІІІ орын – Жәнібек Гүлсезім, «Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын – Бейбіт Санжар, «Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ.
екінші санат: 5-8 сынып оқушылары
БАС ЖҮЛДЕ – Темірбек Нұрлы, «№6 ЖББМ» КММ;
І орын – «Жалын» тобы, «№6 ЖББМ» КММ;
ІІ орын – Ерболқызы Диана, «№24 мектеп-интернаты» КММ;
ІІ орын – Трио «Шабыт», «М.Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ;
ІІІ орын – Фархатова Адина, «№6 ЖББМ» КММ;
ІІІ орын – дуэт: Сатвалдинова Айдана мен Сатвалдинова Аида, «М.Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ;
ІІІ орын – Кадиркул Жания, «Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ.
үшінші санат: 9-11 сынып оқушылары
ІІ орын – Манарбек Ерсұлтан, «әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша
БАС ЖҮЛДЕ – Шаймерденов Аманжол Болатович, «М.Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ педагогы;
І орын – Тельменбетова Айсана, «№6 ЖББМ» КММ;
ІІ орын – Қабдиман Бекзада, «№6 ЖББМ» КММ;
ІІІ орын – Мұрат Батырхан «Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ.
Байқауымыздың жеңімпаздары (Бас жүлде иегерлері) «Солист» номинациясы бойынша Жанат Ақпейіл – «әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ (бірінші санат), Темірбек Нұрлы – «№6 ЖББМ» КММ (екінші санат), «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Шаймерденов Аманжол Болатович, «М.Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ (педагог) «Өнер әлемі» орындаушылық шеберлік байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезеңге жолдама алған өнерпаздарға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/977896?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау