ПД бастығының орынбасары су тасқыны қаупі бар аумақтардағы полиция бекеттерін тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмагулов су басу қаупі бар аумақтарда қойылған полиция бекеттерін аралады. Ол Тепличное ауылындағы бөгет маңында, Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында және басқа да қауіпті учаскелерде орналасқан бекеттердің жұмысымен танысты.

Қазір өңірде барлығы 22 полиция бекеті қойылған. Онда кезекшілік тәртібімен 100-ге жуық полиция қызметкері мен құтқарушы тәулік бойы қызмет атқаруда. Жағдай төтенше қызметтер басшылығының және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Полиция полковнигі Құрманғали Исмагулов бекеттерде қызмет атқару тәртібін тексеріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нақты ұсыныстар берді.

Сонымен бірге Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің басшылары және аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов та қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/977722?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version