Оңтүстік мегаполистің құтқарушылары азаматтық қорғау саласындағы білімді белсенді насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы қауіпсіздік туралы пайдалы біліммен Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мамандары қамтылды.
Алматы қаласы ТЖД ЖАО қызметкерлеріне төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып, «Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?», бөлмедегі қауіпсіз орындарды қалай анықтауға болатындығы және дабыл чемодан не үшін қажет екендігі туралы ақпарат берілді.
Айта кету керек, сабақтың тақырыбы шенеуніктердің қызығушылығын тудырды және әркім белсенді қатысып, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/977958?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау