Қала әкімі мердігерлермен кездесті: Өскеменде жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов қала жолдарын жөндеуге жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Жиын барысында қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатаң бақылау орнату, бекітілген мерзімдерді бұлжытпай орындау және тұрғындардан келіп түсетін шағымдарға жедел әрекет ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

«Әрбір мердігер ұйым мынаны нақты түсінуі керек: жұмыстар тек тиісті стандарттарға толық сәйкес келген жағдайда ғана қабылданады. Жөндеу мерзімдерінің орындалуын өзім жеке бақылауда ұстаймын», – деді Алмат Акышов.

Қазіргі таңда қалада шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 145 учаскенің 1352 шаршы метрі жөнделіп үлгерді.

Анықтама:
Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын 18 жол учаскесінде жүргізіледі. Бұған қосымша ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаске тізімге енгізілген. Жөндеуден өтетін көшелер тізімі тұрғындардың өтініштері мен кездесулер нәтижесінде кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/978383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version