Айталық, білікті мамандардың жас қызметкерлермен тәжірибе алысып, білім берудегі рөлі зор. Өйткені олардың ұзақ жылдан бері жинақтаған мол тәжірибесі мен кәсіби дағдысы мамандардың буын алмасуында маңызды орын алады.
Ведомствоның ұжымы осындай аса білікті қызметкерлердің бірі Қалжан Шегібаеваға құрмет көрсетіп, салтанатты түрде еңбек демалысына шығарып салды. Өз ісіне шебер азаматша Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасында бас маман ретінде жұмыс істеп, ведомствода табан аудармай 30 жылдай еңбек етті.
Ұжым қызметкерлері арасында ол сауатты, жауапкершілігі мол қызметкер әрі қиын кезде қолдау көрсететін жанашыр адам ретінде беделге ие. Мүлтіксіз еңбегі үшін оған ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды министрдің атынан және тұтастай ұжымның атынан Қалжан Құдайбергенқызына ұзақ жылғы адал қызметі мен мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен ризашылығын жеткізіп, құрмет көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/976682?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау