Қостанай облысының аграршылары Ауыл шаруашылығы Вице-министрімен саланы дамытуды талқылады.
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында аграршылардың Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Азат Сұлтановпен жұмыс кездесуі өтті. Диалогтың бастамашысы өңірдің Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы болды.
Қауымдастық саланың алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді атап өтті: қаржыландыру, субсидиялар бойынша берешек, кадрлық қамтамасыз ету және стратегиялық жоспарлау.
Вице-министр Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігімен бірлесіп субсидиялар бойынша берешекті өтеу кестесі әзірленгенін хабарлады. Сонымен қатар, Қостанай облысында 2025 жылғы бюджет қаражатынан төлемдер басталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auyal-zharuazhalyk-zher/press/news/details/976731?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау