Қазақстан ТЖМ құтқарушылары “Таза Қазақстан” эко-акциясын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының бастамасы “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында жас қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды.

  Іс-шара Теміртау қаласында ТЖД жаңа әмбебап бөлімшесінің аумағында өтті. Қарағай көшеттерін отырғызуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы да қатысты.

  “Әрбір отырғызылған ағаш-болашаққа қосқан үлесіміз. Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі және ұжымды біріктіретін, командалық рух пен ортақ жұмысқа деген мақтаныш сезімін дамытатын кеңістік жасайды”, – деп ведомство басшысы атап өтті.

  Осы маусымда абаттандыру акциясын өз объектілерінің аумақтарын көгалдандырумен және абаттандырумен белсенді айналысып жатқан Қазақстан ТЖМ барлық аумақтық бөлімшелері қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/978431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version