Астанада өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстардың бірегей түрі – граффити үлгісіндегі үгіт-насихат жұмыстары басталды.
Арнайы трафареттер мен жоғары қысымды шлангілер көмегімен тротуарларда жазулар жазылады, жол мен тротуардың тазартылған бөлігінің арқасында пайда болатындықтан оларды байқамау мүмкін емес.
Бұл әдіс Қазақстанда алғаш рет қолданылуда және қала тұрғындарына қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелерін еске салуға арналған.
Жазулар адам көп шоғырланатын жерлерде жазылуда.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/978078?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау