Қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық тәжірибелік тағылымдама алаңы
Қосымша білім беруді дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылы Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық тәжірибелік тағылымдама алаңы» жобасын іске қосты.
Алаң жұмысы кезең-кезеңмен ұйымдастырылған. Жобаның бірінші кезеңі 2025 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында өтті және облыс бойынша 200-ден астам қосымша білім беру педагогтерін қамтыды.
Жоба 10 негізгі бағытты қамтиды: ғылыми-техникалық, әскери-патриоттық, театрлық, көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, әлеуметтік-педагогикалық және т.б.
Тағылымдама алаңы аясында қатысушылар үшін:
мастер-класстар, практикалық сабақтар, пікірталас және диалог алаңдары, жеке және топтық консультациялар, тәлімгерлік және педагогикалық тәжірибе алмасу.
Жоғары әдістемелік мәдениеті, заманауи ресурстық қамтамасыз етілуі және бағдарламаларды іске асыруда табысты тәжірибесі бар қосымша білім берудің жетекші мекемелері тағылымдамалар үшін өткізілетін база болды (Рудный балалар көркемсурет мектебі, Лисаков балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, Арқалық «Жас-Ұлан» БЖО, Қостанай балалар шығармашылығы үйі, Балалар музыка мектебі, Балалар көркемсурет мектебі, Техникалық шығармашылық мектебі, Балалар аула клубы, «Карнавал» хореографиялық мектебі, Қостанай қаласының балаларына арналған «Iqostanay» SMART-орталығы»).
Жоба дамуға, тәжірибе алмасуға және заманауи қосымша білім беру жүйесін бірге құруға дайын белсенді және мүдделі мамандарды біріктіре отырып, іске асыруды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/976475?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау