Сессия отырысы өтті
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХХІI –сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары С.Галиева, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э.Бисалиева қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХХІI-ші сессиясының күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды.
Мәслихат төрағасы Ж. Бисенғалиева 2025 жылғы 30 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 сәуірдегі №40 шешіміне сәйкес, №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өкілеттілігі тоқтатылған депутаттың орнына Еркебұлан Қазиоллаұлы Бектияров Тасқала аудандық мәслихатының депутаты болып сайланғанын ресми түрде таныстырды. Содан кейін, сессияда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелігіне өкілеттілігі тоқтатылған депутаттың орнына тұрақты комиссиясының мүшесі және төрағасы сайланды.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелердің қатарында «Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ұсыныс болды. Бюджеттік бағдаламалардың әкімшілері бойынша қосымша бюджеттік өтінімдер талқыланып, бірқатар ауылдық округтердің бюджеттері ұлғайтылды. Қосымша қаржы ауыл ішілік жолдарды ұстау, көше жарықтандыру, аббатандыру және басқа да әлеуметтік маңызды шараларға бағытталатын болады.
3-ші және 4-ші мәселелер бойынша аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ұсынысын аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Махашева атап өтті.
Сессиясы барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті. Жиынға шақырылыған тиісти сала мекемелердің өкілдерінен туындаған сұрақтарға жауаптарын алды.
Сессия соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары жаңа сайланған депутаты Е.Бектияровты құттықтап, халық игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/taskala-maslihat/press/news/details/976128?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау