ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП, БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қараспан мен Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырым болатын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады. Жоспар бойынша жол биыл, мамыр айында пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, “Темірқазық” ЖШС Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/977742?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version