ШҚО ТЖД құтқарушыларының қатысуымен балалар үйінде мереке өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы Наурыз мейрамы аясында қонақтарды қарсы алды

Дәстүр бойынша, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тәрбиеленушілерге арнап тәттілер әкелді.

«Наурыз мейрамы» табиғаттың жаңаруы, молшылықтың, үйлесім мен бейбітшіліктің символы. Ортақ қуанышқа бөлене отырып, құтқарушылар балалар ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалады.

Жыл сайын құтқарушылар осы мекемеге келіп, түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысады.

ШҚО отбасылық үлгідегі балалар ауылында 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді.

«Мейірім» акциясы аясында Шығыс Қазақстан құтқарушылары балалар үйінің тәрбиеленушісі Роман Цойға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсетуді қолға алды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/978196?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version