Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде «Antikor ortalygy» сервистік орталығының ғимаратында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Т.Теміралиевтің төрағалығымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұ. Рысқұлдың және спорт ұйымдары басшылығының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау ұсынымдарын орындау және спорт саласында қабылданып жатқан алдын алу шаралары» тақырыбында жұмыс кеңесі өтті.
Спорт ұйымдары басшылығының назары оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде бюджет қаражатын ұрлау тәуекелдерін болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдау қажеттілігіне аударылды. Бюджет қаражатын ұрлаудың алдын алу мақсатында басқармаға ведомстволық бағынысты спорт ұйымдарында қазынашылық есептері мен бухгалтерлік есеп жүйелерін салыстыруды жүзеге асыру ұсынылды.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Тыңдаушылардың назары Ел Президентінің “Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауына ерекше аударылды.
Кездесу соңында спортта адал бәсекелестіктің салауатты рухы орнауы тиіс, сыбайлас жемқорлықпен батыл күресіп, протекционизмнен және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін басқа да факторлардан бас тарту керек екендігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, Агенттіктің колл-орталығының жұмысы туралы «1424» нөмірі бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/978522?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау