Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гульвира Қуттыбек Су шаруашылығы комитетінің қызметкерлерімен бірге «ИДЖ Арыс-Түркістан-1» (АТК) нысанына барды.
Бас мердігер «Тунель Садд Ариана” ЖАҚ 2025 жылдың қаңтар айының басынан бастап жұмысын бастады және барлық 72 дана ЖБҚ-ны ЭБЖ-ға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2 құрылыс бригадасы каналдар мен көпірлерде ГТҚ салу жұмыстарын жүргізуде. Мердігер көпірлер, өткелдер мен электр жабдықтарын салу бойынша барлық материалдарды дайындап, жоспарланған жұмыстарды 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау ниеті бар.
Мердігер қазіргі уақытта 4000 кВА трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алумен айналысуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/976341?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау