Су үнемдеу тақырыбындағы республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Суды үнемде – болашақты сақта» екінші республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды.

Қарағанды қаласындағы №87 мектептің оқушысы Елизавета Бугаева мен Атырау қаласындағы Х. Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Ғалымжан жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Ақтөбе облысы Жаңақоныс ауылының №69 мектебінің оқушысы Айзере Бибітова иеленді. Ал үшінші орын Астана қаласындағы Шәкәрім атындағы №56 лицейдің оқушысы Айла Шамильеваға бұйырды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталады. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінің талантты қатысушыларынан 1040 жұмыс келіп түсті. Алдын ала іріктеуден кейін қазылар алқасы 884 суретті бағалады.

«Барлық қатысушыға белсенділігі үшін алғыс айтамын. Әсіресе, жасы кіші болса да, балалардың өз таланттарымен қатар, суды үнемдеудің маңызы жөнінде хабардар екендерін көрсете алғаны қуантады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/978691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version