Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері №31 орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арналған оқыту іс-шарасын өткізді. Сабақ барысында «Жер сілкінісі», «Өрт қауіпсіздігі» және «Судағы қауіпсіздік» тақырыптары бойынша бейнероликтер көрсетіліп, осы мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқаруға арналған арнайы техника мен жабдықтардың жұмыс істеу принциптері туралы айтылды. Сонымен қатар, «Дабыл» белгісі бойынша мектеп ғимаратынан эвакуация жасау бойынша практикалық жаттығу ұйымдастырылып, оқушылар нақты қауіпті жағдайда жылдам және ұйымдасқан шығу дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды.
Осындай кешенді оқыту мектептегі қауіпсіздіктің деңгейін арттыруға және жасөспірімдердің өз өміріне, сондай-ақ айналасындағы адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарауына бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/977415?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау