«Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» КММ-нің қызметкерлері 2025 жылдың 11 сәуірінде «Таза су» акциясына қатысты.
Аталған акция «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-мен Лепсі өзенінің «Балқаш» көліне құятын сағасының ішкі сыртқы жағалауларын қоқыстын тазарту мақсаттында ұйымдастырылды. Акцияға «Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ және «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері де қатысты.
«Таза су» акциясына 50-адам қатысты және 8 автокөлік жұмылдырылды. Тазалау жұмыстары барысында жалпы 13 тыйым салынған балық аулау торлары және 3 тонна қоқыс шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-natural/press/news/details/977759?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау