2025 жылғы 16 сәуір күні сағат 09:00-де аудандық әкімдік ғимаратында экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның, сондай-ақ «AMANAT» партиясының партиялық бақылау отырысы бірлесіп өткізілді.
Отырысқа Самар ауданы мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары және Самар ауылдық округінің әкімі қатысты.
Күн тәртібінде Самар ауылында су құбыры желілерін қосу, Парий көшесі, 43 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ ауыл аумағын абаттандыру мәселелері – балабақша жанындағы көпірді жөндеу, балабақша мен мектеп маңындағы автотұрақты жабдықтау, жол қиылысын қайта жаңарту, кіреберіс алаңдарды абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары қаралды.
Барлық мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, талқылау жүргізіліп, тиісті қаулылар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/977310?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау