ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бекітілген жоспарға сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың жеке  қабылдауы өтіп, 10-ға жуық азамат өтініш білдірді. Қабылдауда аудан тұрғындары тарапынан балалар ойын алаңшасын орнату, су құбырын ауыстыру, тұрғын үйдің шатырын жөндеу және т.б. мәселелері көтерілді.

Әрбір тұрғын мұқият тыңдалып, арыз-шағымдарын шешу мақсатында, орынбасарлар мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. 

Құрметті аудан тұрғындары, қабылдауға жазылу үшін,  жеке төлқұжатпен  Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына келіп, алдын-ала тіркелулеріңіз қажет.

Мекен жайымыз:  Ж.Тыныбаев көшесі № 49 ғимарат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/978906?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version