ҰСО басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитет төрағасы С.Бейсенованың бұйрығымен Айнагүл Мусина Ұлттық сараптама орталығы басқармасы (ҰСО) төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Оны ҰСО ұжымына Комитет төрағасының орынбасары Аян Мұхаметкалиева таныстырды.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында еңбек жолын бастаған Айнагүл Мусинаның санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 25 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы жылдары Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, кейіндері басшысы болып қызмет атқарды.

Айнагүл Мусина жалпы гигиена бойынша жоғары біліктілік санатына ие. Көпжылдық еңбек мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ол «Қазақстан Республикасының үздік санитариялық дәрігер-эпидемиологы» атағы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Халық алғысы» және «Ерен еңбегі үшін» медалдері мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Айнагүл Мусинаның кезекті басшылық қызметке тағайындалуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына қосқан үлесі мен мол тәжірибиесінің айшықты көрінісі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/976285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version