Ынтымақтастықты дамыту шараларының үш жылдық жоспарына қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов бастаған атыраулық делегация құрамымен Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев, облыстық мәслихат депутаты Арман Хайруллин Ресей Федерациясының Астрахан облысына барды.
 
Ресми сапарда Атырау және Астрахан облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық жоспары бекітілді. Екі ел арасындағы экономика, көлік және логистика, білім, мәдениет, туризм және гуманитарлық байланыс бағыттары қамтылған жоспарға облыс басшылары қол қойды.
 
Сондай-ақ сапар аясында «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының белсенділерімен кездесуге, Астрахан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қорында инвестициялық әріптестікті дамытуға бағытталған жиынға қатысып, «Лотос» арнайы экономикалық аумағына кіретін кәсіпорындарды аралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/977038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version