2025 жылғы 17 сәуірде Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде «Заманауи мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің синтезі ретінде шығармашылық зертханаларда оқушылардың soft және hard skills дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Павлодар облысының қала және аудан мектептерінің басшыларының орынбасарлары қатысты.
Семинар аясында инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып ашық сабақтар өткізілді, оқушылардың метапәндік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған білім беру жобалары ұсынылды. Шығармашылық зертханалардың жұмысы таныстырылды, педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне байланысты іс-шаралар өткізілді, ұлттық ойындар мен мәдени құндылықтарды бейнелейтін көрмелер көрсетілді.
Семинар облыс көлемінде педагогикалық тәжірибе алмасудың, үздік тәжірибелерді тарату мен оқытуда дараландырылған тәсілді ілгерілетудің тиімді алаңына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/978686?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау