Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жаңаарқа кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектісіне барды.
Сапар барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов пен Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев дене шынықтыру-сауықтыру объектісінің ұзаққа созылған құрылысының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Негізгі мақсат-құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.
Департамент өңірдің әлеуметтік нысандарының уақтылы және сапалы құрылысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/978556?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау