Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесінің «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесі басшысының орынбасары Д.Рымтаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі Қ.Байгебаев, сондай-ақ жеке құрам мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттер және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар үшін көзделген заңнамалық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Спикерлер жемқорлықтың алдын алуда құқықтық тетіктермен қатар, ұжымішілік тәртіп пен құндылықтарға негізделген мәдени құралдардың да маңызды екенін атап өтті. Қызметкерлерді адалдық, әділеттілік және ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыра отырып, олар «Заң мен Тәртіп» қағидатының мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап көрсетті.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты және мазмұнды жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/976108?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау