ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушыларын қабылдады.

Кездесуде аудан басшысы спорт мектебі тәрбиеленушілерінің соңғы өткен сайыстарда жеткен жетістіктерімен құттықтап алғысын білдірді.

Спорт мектебінің бокс бөлімінің тәрбиеленушілері Ақтөбе қаласында бокстан өткен  командалық лигада жеңімпаз атанған болатын. Дзюдо бөлімінің тәрбиеленуші қыздары Ақтау қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде жеңімпаз бен жүлдегер атанып “Спорт шеберлігіне үміткер” нормативтерін орындады.

Сонымен қатар волейболдан, шахматтан жасөспірімдер арасында облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған оқушылар “EVEREST” баспа үйінің “Жыл үздігі” төсбелгілерімен марапатталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/977755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version