⚜️Жетібай ауылы, М.Өскінбаев көшесі №25 үй маңында орналасқан ауыз су құдығының қақпағы мен бетон жапқышының автокөліктің зақымдауы салдарынан жарамсыз күйге түскені анықталды. Осыған байланысты, мекеме қызметкерлерімен құдыққа жарамды полимерлі қақпақ пен жаңа бетон жапқыш орнату жұмыстары жүргізілді.
⚜️Сонымен қатар, Мұнайшы ауылындағы Салтанат, Бәйтерек, Арман және Көктем шағын аудандарында орналасқан көше жарық шамдары тексеріліп, жанбай тұрғандары анықталды. Тексеру нәтижесінде 90 дана LED-100W шамдары орнатылып, көше жарығы толықтай қалпына келтірілді.
⚜️Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында іске асырылды.
⚜️Көше жарықтарын тексеру және жөндеу жұмыстары Мұнайшы ауылында жалғасын табатын болады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау