Депутаттар автомобиль жолдарын жөндеу; жол қозғалысы белгілерін және қала алаңындағы бағдаршамды ауыстыру; аудан қазандықтары үшін көмір сатып алуға қаражат бөлу; Алтай қаласының ашық су құбыры люктері; мектеп-лицейдің жанындағы тротуар бойынша сапасыз жұмыстар және Новая-Бұқтырма кентіне кіру кезінде жол төсемін бұзу және т. б. мәселелер туралы айтты.
“Тепловодоцентраль” КМҚК директорының дербес деректердің ақпараттық жүйесіне қол жеткізу жөніндегі өтініші қаралды. Сондай-ақ, депутаттар Алтай қаласында нотариустардың саны жеткіліксіз деген мәселені көтерді.
Сұрақтар әрі қарай орындалуы үшін бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/979066?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау