Педагог мәртебесін көтеру, талантты ұстаздарды анықтау мақсатында 2025 жылдың 11 сәуірінде №11 орта мектепте 2-ші білім беру округі бойынша “Үздік ұстаз” қалалық конкурсы өткізілді.
Қатысушылар байқау барысында өздерінің кәсіби шеберліктерін, жаңашыл идеяларын және оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білетінін көрсетті. Конкурс нәтижесі бойынша:
•1-орынды П.Б. Әлжанова (№39 ОМ),
•2-орындарды Е.С. Нуриманова (№22 МЛ), Н.В. Назаренко,
•3-орындарды Г.Е. Қазынова (№44 ОМ), Б.Н. Азимбаева (№32 ОМ), М.И. Шенер (№10 ОМ) иеленді.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмысын әділ бағалап, олардың кәсіби дайындығына, жаңашылдығына және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату қабілетіне ерекше назар аударды.
Конкурс нәтижесінде үздік деп танылған ұстаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. №11 ОМ ұжымына аталған шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.
Білім бөлімі
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау