АУДАН ЖОЛДАРЫ ТАЗАРТЫЛЫП, КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданында көктемгі көркейту және санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды. Аудан аумағында бірнеше маңызды бағыттар бойынша тазалық шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Түркістан–Кентау, Әуежай–Кентау және Түркістан–Шымкент бағытындағы автомобиль жолдарының бойында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың мақсаты – аудан келбетін жақсарту, тазалықты сақтау және көлік қатынасы аймақтарының эстетикалық ахуалын көтеру.
Тазалық жұмыстарына 355 адам жұмылдырылып, 15 арнайы техника тартылды. Іс-шара аясында жол бойындағы қасбеттер ретке келтірілуде, қоқыс қалдықтары шығарылуда. Ағаш бұталары қырқылып, жасыл аймақтар көркейтіліп жатыр.
Аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бұл шараға белсене қатысып, туған өлкесін таза ұстауға өз үлесін қосуда. Сауран ауданында тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Аудан әкімдігі барша тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға белсенді түрде атсалысуға шақырады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 6
 
 
Все реакции:

Бердибек Жетписбай, Қуаныш Жумабаев и ещё 14

 

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version