Отырар ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда. Сенбілік барысында аудан әкімдігі бекіткен көшелерді тазартуға тиісті мекеме қызметкерлері қатысып, көше бойындағы қураған шөптер, тал бұтақтар кесіліп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды.
Тазалық шарасына аудандық білім бөліміне қарасты мекемелер мен мәдениет саласының қызметкерлері де өз үлестерін қосып, атсалысуда. Сала қызметкерлері мекеме аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшеттер егіп, бұталған ағаш-талдарды шығарып, сырлау-әктеу жұмыстарын жүргізді.
Ортақ ауылымыздың көркеюі таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ еткен сенбілікке қатысушылар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті.

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау