Шымкент қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Абай шығармашылығын дәріптеу мақсатында өткізілген бұл маңызды іс-шараға Еңбекші ауданының оқушылары белсене қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлы ақынның мол мұрасын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын ояту болды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Еңбекші ауданы бойынша жеңімпаз атанған 46 оқушы мен олардың 46 жетекшісіне арнайы дипломдар мен бағалы сертификаттар табысталды.
Іс-шара барысында №36 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған әндерді орындап, ұлттық би билеп, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Жиын барысында Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы бөлімінің басшысы Жаркинай Арысбаева мен «Қаратау өнер» мектебінің директоры Біржан Ғаниұлы Байтуов жеңімпаздарды құттықтап, қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау